Біз туралы

KAZ NKS ЖШС Қазақстан нарығында 2011 жылдан бастап жұмыс жасайды. Компания келесі қызметтерді көрсетеді:
1. ТЖМ бақылауындағы жабдықтардың (крандар мен қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, мұнай кәсіпшілігі жабдықтары, жүк көтергіш механизмдер) өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама.
2.Оқу орталығы жұмысшы мамандықтары бойынша даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүргізеді.
3.Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, жүк көтергіш механизмдер мен мұнай-кәсіпшілік жабдықтарын техникалық диагностикалау және куәландыру саласында ИТЖ аттестаттау.
4. Бұзбайтын бақылау мамандарын даярлау/қайта даярлау (аттестаттау /қайта аттестаттау).
5.ҚР СТ 17025, ҚР СТ 17024 сәйкестікке аккредиттеу процесінде рұқсат құжатын алғанға дейінгі консалтинг.
5. Сынақ зертханасының зертханашыларын даярлау / қайта даярлау.
6. Радиациялық қауіпсіздік саласында лицензия алу бойынша консалтинг.

Біздің компанияда білікті мамандар жұмыс істейді. 2020 жылы «АстанаСпецКонтроль» ЖШС бұзбайтын бақылау және техникалық диагностикалау сынақ зертханасы ГОСТ ISO\IEC 17025-2019 стандартына сәйкестікке аккредиттеу аттестатын алды және 2021 жылы «NDT Cert» ЖШС бұзбайтын бақылау персоналының сәйкестігін растау жөніндегі орган ГОСТ ISO\IEC 17024-2014 стандартына сәйкестікке аккредиттеу аттестатын сәтті алды. Осылайша көрсетілетін қызметтердің сапасы мен спектрін арттырдық. Біз әрқашан оқытуға және сервиске жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыс істейміз. Біз өзімізге қиын міндеттер қойып, оларды шешкенді ұнатамыз, әр клиент біз үшін маңызды. Біздің клиентпен бірге оның уақыты мен ақшасын үнемдей отырып, қызметтерді алу жолында жұмыс жасаймыз. Кері байланыс ретінде алғыс пен сенімге ие боламыз!
Kaz NKS, біздің басымдығымыз сіздің дамуыңыз!

Неліктен біз пайдалымыз

Клиентке кәсіби және қамқор көзқарас.

Кең бейінді Компания келесі қызметтерді көрсетеді:
Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі бойынша оқу орталығы.
ГОСТ ISO \ IEC 17024-2014, ҚР СТ ISO 9712-2014 стандарттарына сәйкес бұзбайтын бақылау персоналдарының сәйкестігін растау жөніндегі орган.
Аккредиттелген сынақ зертханасы.

Қызметтерді орындау кезіндегі кешенді тәсіл.

Біз ҚР қолданыстағы заңдарына сәйкес рұқсат құжаттарын әзірлеуде кәсіби-консультациялық көмек көрсетеміз. Құжаттарды әзірлеу кезінде біз мемлекеттік органдар алдындағы жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз.

Қызметтерді уақтылы және барынша қысқа мерзімде көрсету.

Қызмет тапсырыс берушінің немесе өзге де органдардың алдында күтпеген жағдайлардың алдын алумен қоса клиенттің тілегін ескере отырып, шарттық міндеттемелерге сәйкес ұсынылады.

Қол жетімді баға саясаты

Біз ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа бағытталғанбыз, баға саясаты еңбек және сапа нарығына сәйкес әзірленеді.

Біз үшін әрбір клиент маңызды.

Компанияда тәжірибесі мол жоғары деңгейдегі сарапшылар жұмыс істейді. Біз сіздің уақытыңызды жоғары бағалаймыз және сіздің барлық міндеттеріңізді кәсіби деңгейде шешуге көмектесеміз!

БІЗДІҢ ТҰРАҚТЫ КЛИЕНТТЕРІМІЗ